Елордалық емханадан қымбат ішік ұрлаған жігіт ұсталды

12 Желтоқсан 2020, 22:25
1535
Бөлісу:
Елордалық емханадан қымбат ішік ұрлаған жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының жедел-іздестіру тобы 22 жастағы СҚО тұрғынын құрықтады.

Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Белгілі болғандай, күндіз мемлекеттік емханаға келген ер адам гардеробшының жоқтығын пайдаланып, жарты миллион теңге тұратын қымбат ішікті ұрлап әкеткен. Кейіннен оны сауда үйіне апарып, сатып жіберген.

Қылмыстық іс қозғалып, «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Елорда аумағында оның басқа да қылмыстарға қатысы бар/жоғы тексерілуде.

Ұрланған сырт киім сауда үйінен табылып, иесіне қайтарылды.





Өзгелердің жаңалығы