Елордалық азамат алдымен әйелін, кейін өзін өлтірген

19 Қаңтар 2021, 12:54
1971
Бөлісу:
Елордалық азамат алдымен әйелін, кейін өзін өлтірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада ер адам әйелін өлтіріп, содан кейін өз-өзіне қол салды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлердің мәліметінше, биыл 16 қаңтарда елорданың тұрғын үй кешенінің бірінде кісі өлтіру оқиғасы болды.

Полицейлер пәтерлердің бірінде туыстар арасында жанжал болғанын, жанжал кезінде күйеуі әйеліне пышақ жарақатын салғанын, содан кейін оның әпкесіне бірнеше жарақат салғанын анықтады. Әпкесі пәтерден шығып, көршілерін көмекке шақырып үлгерген. Көршілері полицияға хабарласқан. Оқиға орнында ер адам пәтерді ішінен жауып алған. Полиция қызметкерлері есікті бұзып ашып, 46 жастағы әйел мен оның жұбайының мәйітін тапты. Ер адам өзін-өзі пышақтаған, - делінген ақпаратта.

Бүгінде осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы