Елордалық 7 мекеме жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

21 Шілде 2021, 14:05
3390
Бөлісу:
Елордалық 7 мекеме жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары крантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарын күн сайын анықтай отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 

Өткен тәулікте, 20 шілдеде осындай 7 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында «Chechil Pub» бары, «Alanya» караоке-мейрамханасы, «The-ДЫМ» лаундж-бары жұмыс режимін бұзды. Сондай-ақ соңғысы кальян шегу қызметін көрсеткен.

Сонымен қатар бақылау тобы есігін жауып жұмыс істеген «Inforno» мейрамханасына кіре алмады.

Сондай-ақ белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан «Баня на дровах» саунасы мен «Потолок» интернет дәмхана жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында «Спорт сити» фитнес клубы мен «Стамбул» дәмханасы да осындай бұзушылықтарға жол берді.

Карантин тәртібін бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақсыз, күн сайын мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталуда. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандар санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулерді қатаң сақтауы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы