Елордалық Павлодар облысында зейнеткерді қағып өлтірді

26 Шілде 2019, 14:23
1321
Бөлісу:
Елордалық Павлодар облысында зейнеткерді қағып өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол көлік оқиғасы Павлодар - Семей тас жолының 50-шақырымында, Павлодар ауданы, Новоямышево ауылының маңында орын алды, деп хабарлады pavlodarnews.kz. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апаты 25 шілде күні сағат 11:30-да болған. 

«Фольксваген Венто» көлігінің 37 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың шетінде тұрған ауыл тұрғынын, 71 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жарақат алған әйел оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінде.    

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылған. 

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі - «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы