Елордалықтар Тәуелсіздік күні мерекелік отшашуды тамашалай алады

11 Желтоқсан 2019, 14:01
3765
Бөлісу:
Елордалықтар Тәуелсіздік күні мерекелік отшашуды тамашалай алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды қаланың барлық аудандарында тамашалай алады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Мерекелік отшашуды астаналықтар Есіл өзенінің жағалауынан (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан шатыр маңында (Есіл ауданы), сондай-ақ, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында (Алматы және Байқоңыр аудандарының қиылысында) тамашалауға мүмкіндігі бар.

Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталып, 10 минут бойы жалғасады. 

Фейерверктің техникалық сипаттамаларына сай, әр нүктеден 4500-ден 5000-ға дейін фейерверк ату жоспарлануда. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында әр нүктеде 7 адамнан жұмыс істейтін болады. 

Сондай-ақ, мерекелік отшашу қаланың биік ғимараттарымен қоршалмаған кез келген нүктесінен көрінетіндігін атап өту қажет. Ұйымдастырушылардың айтуынша, отшашу өткізуге бюджет қаржысы жұмсалмайды.

Өзгелердің жаңалығы