Елордалық спортшы арбада отырып билеуден халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

8 Тамыз 2019, 09:32
1887
Бөлісу:
Елордалық спортшы арбада отырып билеуден халықаралық жарыста жеңімпаз атанды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық спортшы арбада отырып билеуден халықаралық жарыста күміс жүлде иеленді. Бұл туралы Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Финляндияның Тампере қаласында арбамен билеуден халықаралық лицензиялық турнир аяқталды. 1-5 тамыз аралығында өткен жарысқа әлемнің 12 мемлекетінен спортшылар қатысты.
,b.jpg
Пара билеуден елордалық спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ардақ Оторбаев жеке өнер көрсетуде екінші орын алды. Бұл оған күзде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, елордалық спортшы Айдана Бегленовамен бірге жұптар арасында бесінші орынға табан тіреді.
cYXZjTSYb3M.jpg

«Қазір Әлем чемпионатына дайындық жүріп жатыр, бұл турнир лицензиялық болды. Біздің спортшы өзін көрсетіп, лицензияға ие болды. Қыркүйек айында Санкт-Петербург қаласында арбамен билеуден әлем кубогы өтеді. Қазіргі уақытта елордалық мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған БЖСМ-да спортшылардың жаттығуына қолайлы жағдайлар жасалған, мектеп басшылығы мен Мәдениет және спорт басқармасына алғыс білдіремін», - деді ҚР Еңбек сіңірген бапкері Әлия Түсіпбекова.
Өзгелердің жаңалығы