Елордалық саябақта стритболдан турнир өтеді

7 Тамыз 2019, 20:58
1445
Бөлісу:
Елордалық саябақта стритболдан турнир өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-11 тамызда елордада Орталық саябақта стритболдан Nur-Sultan Cup жарысы өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Жарыста ниет білдіргендердің барлығы бақ сынай алады. Әр команда 4 ойыншыдан (алаңда 3 ойыншы, біреуі қосалқы ойыншы) тұруы тиіс. Әр санатта жүлделі орын алған үш командаға Nur-Sultan Cup турнирінің жеңімпазы атағы беріліп, кубоктар, дипломдар мен медальдар табысталады.

Жарыстың шарты бойынша 8 тамызға дейін «18-23 жастағы жастар» және «23 жастан асқан ерлер» санаттары бойынша play.fiba3x3.com сайтына міндетті түрде тіркелу керек. Басқа қатысушылар 10 тамызда сағат 09.00-де жарыс алаңында өтінім бере алады.

Шараны «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-мәдени шараларды өткізу дирекциясы» КММ және Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық баскетбол федерациясы ұйымдастырады.

Өзгелердің жаңалығы