Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының астаналық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесте осы және тағы басқа мәселелер талқыланды.
Онда студенттерді жатақханаға орналастыруда елордалық білім беру ұйымдары қызметінің ашық еместігі, ал қоныстанушыларды қабылдау және тіркеу қағаз жүзінде және ешқандай бақылаусыз «ескі әдіспен» жүзеге асатыны талқыланды.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» келіп түскен өтініштердің статистикасына сәйкес, шағымдар келесі санаттарға бөлінеді: мектептердің қажеттілігіне заңсыз ақша жинау, біліктілігі жоқ оқытушылар құрамы, мектептердің қанағаттанарлықсыз жағдайы, мектептегі тамақтануға көңіл толмаушылық және тағы басқалар», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің парасаттылық және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Хайруллин.
Қалалық білім беру басқармасының жетекшісі Әнуар Жанғозин мұғалімдерге сыйлық және басқа да қажеттілікке көбінесе оқушылардың ата-аналары өз бетінше ақша жинайтынын атап өтті.
Сондай-а, қоғамдық кеңесте оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, мектеп асханаларында тамақ өнімдерінің сапасын бақылау, балабақшаларда орындардың болмауы, қаржылық рәсімдердің ашықтығы туралы айтылды.
Қоғамдық кеңестің қорытындылары бойынша Кеңес мектеп пен балабақша басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, білікті кадрлардың жетіспеушілігін жою және т.б кешенді шаралар қабылдауды ұсынды.
Еске сала кетейік, партияның қалалық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жұмыс форматын қайта қарады. «Адам және заң» газетінің бас редакторы Марат Башимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ, тізімге үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері, заңгерлер, блогерлер, мектеп директорлары, медицина қызметкерлері және мәдениет қызметкерлері енгізілді.