Елордадан түнгі уақытта қар күреу жұмысына 1,5 мыңға жуық техника жұмылдырылды

10 Ақпан 2024, 06:32
528
Бөлісу:
Елордадан түнгі уақытта қар күреу жұмысына 1,5 мыңға жуық техника жұмылдырылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

9 ақпаннан 10-ына қараған түні Астанада қар тазалауға 1,5 мыңға жуық арнайы техника шығады. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер елордадан 47 мың текше метрге жуық қар шығарды, бұл үш мыңнан астам ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.

Қыс мезгілінің басынан бастап 305 мыңнан астам рейспен қар полигондарына 4,1 млн текше метр қар шығарылды.

9 ақпаннан 10 ақпанға қараған түні қар тазалауға 317 жол жұмысшы және 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы