Елордадан ел алдындағы борышын өтеуге 6 мыңға жуық азамат аттанды

7 Сәуір 2023, 23:57
1232
Бөлісу:
Елордадан ел алдындағы борышын өтеуге 6 мыңға жуық азамат аттанды
Фото: gov.kz

Елімізде әскерге көктемгі әскерге шақыру басталды. Биыл еліміз бойынша 37 мыңнан астам азамат әскер қатарына алынбақ. Бүгін Астана әкімдігі мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп, әскер қатарына шақыртылған жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу рәсімін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараға орта мектеп оқушылары мен әскери колледждердің курсанттары қатысты.

Көктемгі әскерге шақыру науқанында еліміздің түкпір-түкпірінен 18 мыңнан астам азамат әскерге аттанады.

Елордадан ел алдындағы борышын өтеуге 6 мыңға жуық азамат аттанды

Астанадан іріктеліп алынған жастар еліміздің түкпір-түкпіріндегі 6 түрлі әскери құрылым бөлімдеріне аттанбақ. Биыл жас сарбаздар үшін арнайы пилоттық бағдарлама да іске қосылды. Онда кейбір сарбаздар әскери қызметті өзінің туып өскен өңірлерінде өтей алады. Мұндай әдіс сарбаздарға әскерден соң келісім шарт бойынша сол бөлімшеде қызметке орналасуға мүмкіндік береді. Мамандар қазір әскерге баруға ниет білдірген жастардың қатары жылдан жылға артып келе жатыр, дейді.

Әр баланың өзінің отбасында алған тәлім тәрбиесі бар. Соған байланысты көбісі өз қалауымен келіп жатады. Айта алмаймын амалының жоғынан келіп жатыр деп. Мысалы жыл сайын 120 мыңдай азамат тар әскерге шақыруға жататын болса сол 120 мың адамның ішінен 37 мыңдай азамат іріктеліп алынады. Қалғандары оқуына байланысты әскерге шақыруға жатпайды. Біреулер денсаулығына байланысты, кейбіреулер жанұялық жағдайына байланысты, кейбіреулер ата-анасы жалғыз болуы мүмкін. Сол жанұяны асырап отырған. Ал ,қалғандары бізге әскерге шақырылады, - деді ҚР ҚК бас штабы жұмылдыру және жасақтау департаментінің басшысы Бауыржан Артықов.

Әскерге салтанатты шығарып салу шарасына елорда мектептерінде оқитын 1400 оқушы мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының және әскери колледждердің курсанттары қатысты. Жасөспірімдерге әскери қару-жарақ көрмесі және арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.

Елордадан ел алдындағы борышын өтеуге 6 мыңға жуық азамат аттанды

 

Өзгелердің жаңалығы