Елордадан бір күнде 25 мың текше метр қар шығарылды

22 Наурыз 2024, 07:33
437
Бөлісу:
Елордадан бір күнде 25 мың текше метр қар шығарылды
Фото: gov.kz

Түнгі ауысымда қала көшелерін қардан тазартуға 200-ге жуық жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

22 наурызға қараған түні елорда бойынша қар тазалау жұмысына 200-ге жуық жол жұмысшы мен 600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

21 наурыз күні елордадан 25 мың текше метр қар шығарылды, бұл екі мың ауыр жүк көлік рейсінен асады.

Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға барлығы 486 мың рейспен 6,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы