Елордадан бір апта ішінде 4 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

1 Шілде 2021, 21:28
2533
Бөлісу:
Елордадан бір апта ішінде 4 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Clean City NC» ЖШС елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қолдауымен 2021 жылдың 21-27 маусым аралығында тұрғын үйлердің жанында орнатылған контейнерлерден шамамен 4 400 тонна қоқыс шығарды деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шығарылған 4 400 тонна қоқыстың 2 969 тоннасы – жасыл контейнерлердегі өңделмейтін қалдық, ал 1 440 тоннасы – сары контейнерлердегі сұрыптауға жататын түрі.

Қоқыс шығаруға 100-ге жуық техника мен 150-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.

Сондай-ақ контейнерлік алаңдарды жуу және дезинфекциялау тұрақты түрде жүргізіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, қоқысты бөлу қоршаған ортаны қорғау жүйесіндегі маңызды кезең болып саналады. Ол қайта өңдеуден өтеді. Сол себепті қала тұрғындары қоқысты тастар алдында сұрыптауы қажет.

 


Өзгелердің жаңалығы