Елордадағы «Шапағат» базарынан өрт шықты

2 Сәуір 2021, 23:39
1623
Бөлісу:
Елордадағы «Шапағат» базарынан өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елордадағы «Шапағат» базарында өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

Бүгін 22:30-да Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр 69 мекенжайы, Шапағат базарына шақыртуға аттанды. Бара салысымен шатырдың және сыртқы жабынды қабаттың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі сәтте өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Алдын ала ақпараттар бойынша оқиға орнында шұғыл өрт сөндіру штабы құрылған. Құрбан болғандар мен жапа шеккен ешкім жоқ. Өртті Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ға қарасты 8 техника мен 32 маман сөндіріп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы