Елордадағы орталық көшелердің бірі уақытша жабылады

10 Қазан 2021, 15:14
1538
Бөлісу:
Елордадағы орталық көшелердің бірі уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ елордалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Арай көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Осы жылдың 10-11 қазаны аралығында Космонавтар көшесінен Нормандия-Неман эскадрильясы көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген ведомство хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы