Елордадағы өңірлік жәрмеңкелерді Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысы аяқтайды

16 Қазан 2019, 15:29
2633
Бөлісу:
Елордадағы өңірлік жәрмеңкелерді Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысы аяқтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19-20 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы аяқталады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауа-райының қолайсыздығына, сонымен қатар астық жинаудың жалғасуына байланысты Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін 26-27 қазанынан 19-20 қазанына ауыстырылады. Бұл күні екі өңір - Солтүстік Қазақстан облысы мен  Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі бірге өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл осы жылдың соңғы өңірлік жәрмеңкесі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусым- тамыз айының соңында басталды. Жәрмеңкеге барлығы 12 облыс қатысты.  Аталған жәрмеңкеге өңірлер  3,5 мың тоннадан астам түрлі өнімдер әкелініп, елорда базарларындағы бағадан 10-15 процент төмен бағамен сатылды.


Өзгелердің жаңалығы