Елордадағы фонтандар Абайдың, Батырдың, Димаштың әндеріне «билейді»

2 Мамыр 2021, 21:51
2217
Бөлісу:
Елордадағы фонтандар Абайдың, Батырдың, Димаштың әндеріне «билейді»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мамыр айының басынан бастап фонтандар іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында 48 субұрқақтан тұратын 25 фонтан кешені орналасқан. Оның төртеуі — музыкалық («Нұржол» желекжолы, ЕХРО-2017, Ботаникалық бақ, «Жетісу» саябағы). Өткен жылы «Нұржол» желекжолындағы осындай фонтандардың бірінде репертуар жаңартылды. Енді ол жерде Батырхан Шүкеновтің, Димаш Құдайбергеннің әндері, Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» секілді өзге де әндер шырқалады.

Есіл өзенінің жағасындағы саябақты 2020 жылы жөндеу барысында үш фонтанның апатты жағдайда (2005 жылы салынған) екені анықталды. Қазір тұрғындардың өтініші бойынша ескі фонтандардың орнына 4 жаңа күрделі инженерлік құрылыстар орнатылды. Онда бактерияларды, вирустарды және басқа да организмдерді ультракүлгін сәулелену арқылы өлтіретін заманауи су тазарту жүйесі бірге орнатылды. Орталық фонтанда 112 шамнан тұратын жарық-динамикалық жарығы бар, сонымен қатар 56 су ағыны 1,5 метр деңгейінде жоғары көтеріледі. Фонтанда биіктігі 1 метрге дейін жасанды тұман жасау функциясы бар, ол субұрқақтың тостағанына тікелей орнатылған 56 саптама арқылы жүзеге асырылады. Жаз мезгілінде мұндай фонтан жасанды тұман жасау есебінен саябаққа келушілерге жағымды әсер қалдырады, — деп атап өтті Есіл ауданының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, биыл қаланың коммуналдық меншігіне «Линейный» саябағында орналасқан 1 субұрқақ кешенін беру жоспарлануда.

Сарыарқа ауданы аумағында 11 фонтан іске қосылды:

1) Мәскеу көшесіндегі гүлзар фонтаны;

2) «Өмір Ағашы» фонтаны;

3) «Қазақ драма театры» фонтаны;

4) «Айналмалы шар» фонтаны;

5) «Әлия Молдағұлова ескерткіші» фонтаны;

6) Абай даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысындағы фонтан;

7) «Жастар театры» фонтаны;

8) «Атырау» фонтаны;

9) «Сирен» фонтаны;

10) Жеңіс даңғылындағы «Ақжайық» саябағының фонтаны;

11) «Халықтар Достығы» фонтаны.

Айта кетерлігі, «Халықтар достығы» және «Қазақ драма театры» фонтандарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Алматы ауданында 9 фонтан іске қосылды:

1. «Президенттік саябақ» фонтан кешені;

2. «Қазақ Елі» фонтан кешені;

3. «Әзірет Сұлтан» фонтан кешені;

4. Отан қорғаушылар ескерткішіндегі фонтан кешені;

5. Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының фонтаны;

6. Тәуелсіздік Сарайы жанындағы субұрқақ кешені;

7. Б. Момышұлы ескерткіші гүлзарындағы фонтан;

8. «Ақ Бұлақ» фотаны;

9. «Бейбітшілік және келісім» сарайының жанындағы фонтан кешені.

Байқоңыр ауданында төрт фонтан іске қосылды. Олар Республика даңғылы бойындағы «Жастар» фонтаны және «Есіл» сауда үйі маңындағы «Бұлақ» фонтандары.

Өзгелердің жаңалығы