Елордадағы "Еркетай" балабақшасында тәрбиешілер баланы әжетханаға қамаған

31 Шілде 2022, 15:06
1586
Бөлісу:
Елордадағы "Еркетай" балабақшасында тәрбиешілер баланы әжетханаға қамаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.2022 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтандағы жекеменшік балабақшаларда балаларды қорлау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеудің 17 фактісі тіркелді, деп хабарлайды  Оқу-ағарту министрлігі.

 Әлеуметтік желіде "Сати" жекеменшік инклюзивті балабақшасының тәрбиешілері баланың жылағанына назар аудармай, бүлдіршіндерді бұрышқа тұрғызып қойып физикалық күш қолданып жатқан видео тарады.

 Балабақша меңгерушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, қылмыстық іс қозғалды. "Еркетай" балабақшасында тәрбиешілер баланы әжетханаға қамап тастаған, салдарынан бала дене жарақатын алған. 

Lily орталығында бала басқа баланы ұрып-соққан, тәрбиеші жағдайға еш көңіл аудармаған. "Алан" балабақшасында баланы ұрыпсоққан тәрбиеші жұмыстан шығарылды. 

BOTAQAN-2020 ЖШС-да аутизм диагнозы бар егіздердің денесінен тістің іздері табылса, Baby Boom NurSultan балабақшаларында балалар қолдарын күйдіріп алған.

Өзгелердің жаңалығы