Елордада жыл басынан бері 866 азамат қандас мәртебесін алған

28 Қыркүйек 2022, 06:50
1233
Бөлісу:
Елордада жыл басынан бері 866 азамат қандас мәртебесін алған

Елордада жыл басынан бері 866 азамат қандас мәртебесін алған.

Оның ішінде Өзбекстаннан – 520 адам, Ресейден – 149, Қытай – 122, Моңғолия – 48, Қырғызстан – 15, Түркіменстан – 6, Иран – 2, Тәжікстан – 2, АҚШ – 1, Швейцария – 1.

Бұл туралы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Қандас мәртебесі 164 этникалық қазақ үшін ұзартылды. Оның ішінде Ресей Федерациясынан келген 49 адам бар, – деді басқарма басшысы.

Өзгелердің жаңалығы