Астана тұрғыны «Сарыарқа» ауданы ПБ-на төрт жүргізуші куәлігін қайтарымсыз сатып алуға уәде берген азаматқа шара қолдануды сұрап арызданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұсталған азамат арызданушымен бұрын таныс болған. Әңгімелесу барысында алаяқ жәбірленуші мен оның туыстарына жүргізуші куәлігін алып беруге 600 000 теңге көлемінде ақша алған. Алайда уәдесін орындамаған күдікті, қашып үлгерген.
Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдікті азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-шы «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті азаматтарға қаскүнемдердің айласына бой алдырмауды, бейтаныс тұлғаларға ақшаны, құндылықтарды, сондай-ақ банк шоттары мен карточкаларының цифрлық деректерін сенбеуді ескертеді.