Елордада жолақыны енді Bluetooth арқылы төлеуге болады

21 Желтоқсан 2023, 16:35
428
Бөлісу:
Елордада жолақыны енді Bluetooth арқылы төлеуге болады
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны енді Bluetooth арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Төлемнің бұл түрін пайдалану Avtobys мобильды қосымшасы арқылы қолжетімді.

Ол үшін Avtobys мобильды қосымшасын жүктеу, қосымшаға телефон нөмірі арқылы тіркелу, мобильды қосымшаның теңгерімін толтыру (әмиян батырмасын таңдап, ұсынылған әдістердің бірін таңдау) қажет.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, электрондық әмияндар, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады. 

Жолақыны Bluetooth арқылы төлеу үшін телефоныңыздан Bluetooth қосасыз, қосымшаға кіріп, Bluetooth белгісін басасыз, маршрутты таңдайсыз және төлемді растайсыз, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, әзірге төлем жасаудың бұл тәсілі жолақы төлеудің электронды жүйесімен жабдықталған автобустарда қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы