Елордада такси жүргізушісінен коронавирус анықталды

9 Сәуір 2020, 13:45
1147
Бөлісу:
Елордада такси жүргізушісінен коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеке такси жүргізушісі коронавирус диагнозымен стационарға жатқызылды. Жақын байланыста болған адамдар анықталды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елорда тұрғындарына аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға кеңес береді. Карантин режимі басталғаннан бері қалалық штаб ресми таксиге көліктерін күнде дезинфекциядан өткізуге талап қойды. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда тасымалдаушыларға айыппұл салынады. Сонымен қатар, коронавирус тағы бір тұрғында расталды. 50-ден астам байланыста болған тұлғалар анықталды, олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус дертіне шалдыққандардың саны 223 адамды құрап отыр. 9 сәуірдегі деректерге сәйкес 202 адам инфекциялық стационарда (10 адам Ақмола облысынан), 930 жақын байланыста болған адам үй карантинінде. Нұр-Сұлтан қаласында 30 адам коронавирустан емделіп шықты. Қалада барлығы 13 нысан карантинге жабылды. Олардың қатарында медициналық нысандар, жатақхана, №1 автобус паркі, тұрғын үй кешендерінің кіреберістері бар. 8 нысан карантиннен алынды, - делінген ақпаратта.
Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында күн сайын әлеуметтік нысандарға, тұрғын үйлерге, аула аумақтарына, тротуарларға, базарларға, дүкендерге және т.б. дезинфекция жүргізіледі. Сонымен қатар, Комсомольский, Ильинка, Промышленный, Заречный, Интернациональный, Железнодорожников, Өндіріс, Юго-Восток елді-мекендері  дезинфекцияланып жатыр.




Өзгелердің жаңалығы