Елордада жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел іске қосылды

5 Ақпан 2021, 02:35
1626
Бөлісу:
Елордада жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында жаяу жүргіншілер өткелін проекциялық жарықтандырудың сынақ жобасы іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Учаске жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар тармақтарын орындау аясында таңдалған.

Мамандандырылған жарықтандыру Қабанбай батыр даңғылы мен Атасу көшесінің қиылысында орнатылды. Бұл жерде жол қозғалысының ауқымдылығы айтарлықтай байқалады. Таңдалған орын қараңғыда үш жарықдиодты проектордың арқасында ерекше көзге түседі. Ауа райының кез келген түрінде автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жолда ақ-сары жаяу жүргіншілер жолағын анық көре алады.

Егер жарықтандырудың бұл түрі өзінің тиімділігі мен сенімділігін көрсетсе, технология қалада авариялық қауіпті болып саналатын жол учаскелерінде қолданысқа енгізілуі қарастырылатын болады, – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.
Өзгелердің жаңалығы