Елордада жастар баскетбол лигасының финалдық ойындары аяқталды

30 Желтоқсан 2022, 20:35
1367
Бөлісу:
Елордада жастар баскетбол лигасының финалдық ойындары аяқталды
PHOTO

Астана қаласы Назарбаев Университеті "Athletic" орталығының паркетінде 2022 жылғы жастар баскетбол лигасының финалдық ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, елорда оқушылары арасындағы турнир 2022 жылдың қыркүйегінде басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасқан болатын.

Елордада жастар баскетбол лигасының финалдық ойындары аяқталды

Жастар баскетбол лигасына елорданың 80 мектебінен 200-ге жуық команда қатысты. Жалпы саны 2 400 қатысушы тіркелген.  

Елордада жастар баскетбол лигасының финалдық ойындары аяқталды

Бұл жастар лигасында Астана қаласы мектептерінің 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары екі санат бойынша сайысқа түсті.

Елордада жастар баскетбол лигасының финалдық ойындары аяқталды
Елордада жастар баскетбол лигасының финалдық ойындары аяқталды

Биылғы жылдың жастар баскетбол лигасының финалдық ойындарының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов, қалалық  баскетбол федерациясының президенті Руслан Манатаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас директоры Сағдат Садықов және "Өркен" балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру орталығының директоры Нұрлан Ауыренов  қатысып, үздіктерді құттықтады. Сондай-ақ марапаттау рәсімінде Ұлттық құрама мүшелерімен, Астана қаласындағы баскетбол клубтарының ойыншылары мен жаттықтырушылары да қатысты.

Елордада жастар баскетбол лигасының финалдық ойындары аяқталды

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалары дипломдармен, кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен  марапатталады.

Елордада жастар баскетбол лигасының финалдық ойындары аяқталды
Елордада жастар баскетбол лигасының финалдық ойындары аяқталды

Қыздар командалары арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

5-6 сыныптар:
1 орын - № 66 мектеп лицейі
2 орын - № 28 мектеп лицейі
3 орын - № 54 мектеп гимназиясы

7-8 сыныптар:
1 орын - № 28 мектеп лицейі
2 орын – Ы. Алтынсарин атындағы Binom мектебі
3 орын - №44 мектеп

9-11 сыныптар:
1 орын - № 30 мектеп гимназиясы
2 орын - № 35 мектеп лицейі
3 орын - № 1 мектеп лицейі

Қыздар арасындағы үздік ойыншылар: Айжан Адылханова, Белла Турова. Ангелина Щеднова

Ұлдар командалары арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

5-6 сыныптар:
1 орын - №41 мектеп
2 орын - № 85 мектеп лицейі
3 орын - №41 мектеп

7-8 сыныптар:
1 орын - № 38 мектеп лицейі
2 орын - № 35 мектеп лицейі
3 орын - №61 мектеп

9-11 сыныптар:
1 орын - №30 мектеп
2 орын - №32 мектеп
3 орын - №61 мектеп

Ұлдар арасындағы үздік ойыншылар: Вадим Потапченко, Еркебұлан Қанат, Арсен Талғатұлы

Өзгелердің жаңалығы