Елордада «Жас сарбаз» қозғалысының қызметі қорытындыланды

11 Қараша 2022, 20:57
788
Бөлісу:
Елордада «Жас сарбаз» қозғалысының қызметі қорытындыланды
PHOTO

Астанада «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалдарының төрағаларымен оқу-әдістемелік жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиын аясында Қорғаныс министрлігінің басшылығы бірқатар кездесулер, іс-шаралар және нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізді. 

Елордада «Жас сарбаз» қозғалысының қызметі қорытындыланды

2022 жылы атқарылған жұмысты қорытындылай келе, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жастарды тәрбиелеу ісіне қосқан зор үлесі үшін қозғалыс филиалдарының басшыларына алғысын білдіріп, өз ісінің мықтыларын Қорғаныс министрлігі басшылығының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттады. Астана, Атырау және Жетісу облыстары әскери-патриоттық қозғалысты ұйымдастырудың үздіктері деп танылды. 

Жалпы бүгінде 250 мыңнан астам бала мен жасөспірімді біріктіретін өскелең ұрпақ арасында әскери-патриоттық клубтардың, «Жас сарбаз» сыныптарының және Smart Sarbaz үйірмелерінің танымалдылығы артқаны байқалады. Сабақтарда алған дағдылары мен машықтарын олар әскери-патриоттық, зияткерлік және спорттық іс-шараларда тұрақты түрде көрсетіп келеді. Үздіктер жыл сайын өтетін «Айбын» республикалық жастар жиынында өз жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік алады. 

Елордада «Жас сарбаз» қозғалысының қызметі қорытындыланды

Жиын аясында өткен шараларға «Жастар ассамблеясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және Қазақстан мен Орталық Азияның Ustem Robotics робототехниканы дамыту қоғамдық қорының басшылары қатысты. 

Жиын Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық ән фестивалі лауреаттарының гала-концертімен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы