Елордада және 14 облыста синоптиктер дауылды ескерту жариялады

3 Қаңтар 2023, 09:05
759
Бөлісу:
Елордада және 14 облыста синоптиктер дауылды ескерту жариялады

Астанада қарлы боран мен екпіні секундына 23 метрге дейін қатты жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұрақсыз ауа-райы елдің орталық бөлігінде де сақталады. Сондай-ақ, боран да бар деп болжануда.

Солтүстік өңірлерде қалың қар жаууы мүмкін, ал Қазақстанның шығыс және батыс бөлігін тұман түсуі мүмкін.

Жолдарда көктайғақ болады.  Елдің оңтүстігінде жауын-шашын болып, тұман түсіп,  жел секундына 30 метрге дейін болады.

 Құтқарушылар тұрғындарға ұзақ сапарлардан бас тартуға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы