Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қорғалжын тасжолынан Қайым Мұхамедханов көшесіне дейінгі Е355 көшесінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Бұл учаскенің ашылуы «Кристалл», «Нұрлы ұя», «Ерке», «Аркада», «Сенім», «Copengagen» және басқа да тұрғын үй кешендеріндегі елордалықтардың қоғамдық көлікпен қатынауына оң әсер етпек.
Бұдан басқа Нұр-Сұлтанның қолданыстағы көше-жол желісі де жеңілдейді. Жаңа жол жүру жалпы елорданың жол желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.