Елордада «Жамбыл жыры» атты ән-жыр кеші өтті

23 Желтоқсан 2021, 22:16
1405
Бөлісу:
Елордада «Жамбыл жыры» атты ән-жыр кеші өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында «Халық әні» бөлімінің Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл жыры» атты ән-жыр кеші өтті. 

Кештің мақсаты жыр алыбы саналған ақындық дарынымен жас кезінен-ақ танылып, ұстазы Сүйінбайдың ақ батасын алған – Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасын көрерменге жеткізу. Бозбала шағынан өскен ортасын, айналасын ән мен жырға бөлеп, атағы аспандап, ел аузынан түспей Жетісу өңірінің дүлділі атанды. Халықтың ынтымағына, береке-бірлігіне, татулығына арнаған саналы ғұмырында Құлманбет, Досмағамбет, Бөлтірік, Шашубай, Сара т.б айтыскерлермен сөз сайысына түсіп, ғасырға жуық өмір сүрген жыр алыбы келер ұрпаққа шығармашылық мұрасын қалдырды.

Шоқтығы биік жыр дүлдүлінің ән-жыр кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Гүлмира Сарина, ҚР Мәдениет қайраткері – Ерболат Шалдыбеков Мәдениет саласының үздіктері - Нұрай Танабаев, Арафат Ысқақов, Республикалық байқаулардың лауреаттары - Оспан Құлсымақ, Айнұр Қонысбаева, Елбол Қуанбек, Нұрайым Ерталапқызы, Алуа Қалымбекова, Данияр Мұқан, Айдос Оңғарбай, Айгерім Нартүйеева, Перизат Тұрарова, Нұржан Меирхан, Бейбіт Мұсаев, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі  және «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетіп, көрерменге керемет кеш сыйлады. 

 

Өзгелердің жаңалығы