Елордадағы сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар күшейтіледі

4 Маусым 2019, 21:14
2166
Бөлісу:
Елордадағы сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қалада тіркелген сайлау учаскелерінде профилактикалық шаралар жүргізеді, сондай-ақ кезектен тыс президенттік сайлауды дайындау және өткізу кезінде жергілікті жерлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы жадынамаларды тапсырады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтанда барлығы 238 сайлау учаскесі тіркелген. Оның 34-і – жабық. ТЖД қызметкерлері барлық учаскені тексеріп, 763 комиссия мүшесімен өрт тақырыбында әңгімелесті. Сондай-ақ тақырып бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар берілді. Сол сияқты 183 жедел жоспар мен өрт сөндіру картасы түзетілді.

Әрбір учаскеге орта, аға басшы және анағұрлым дайындалған сержанттық құрамнан қызметкерлер бекітілген. Бұған қоса сайлау учаскелерінде әртүрлі төтенше жағдайлардың пайда болу немесе жою қаупіне жедел ден қою үшін ТЖД жедел штаб құрды.

Өзгелердің жаңалығы