Елордадағы «Мечта» сауда үйінде вакцинациялау пункті ашылды

5 Маусым 2021, 20:50
1757
Бөлісу:
Елордадағы «Мечта» сауда үйінде вакцинациялау пункті ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда вакцинация жүргізілетін жаңа орын ашылды. Жаңа орын Республика даңғылында орналасқан «Мечта» сауда орталығының 1 қабатында орналасқан, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен қамту мақсатында жүргізіліп отыр.

Айта кетейік, сауда үйлері мен қала орталықтарында вакцинациялау орындарын ұйымдастыру Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп жүргізіледі. Жаңа орындардың санитарлық талаптарға сәйкестігі мен нормалардың сақталуы қаралады.

Елордада осыған дейін екпе пунктері "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр" және "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк", "Сарыарқа" СОО-ларында, сол сияқты "Әлем" және "Eurasia" сауда үйлерінде ашылған болатын. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша вакцинация пунктері 3 есеге артты.

Нұр-Сұлтанда 5 маусымдағы жағдай бойынша 166 мыңнан астам адам вакцинаның 1 компонентін алды.

Өзгелердің жаңалығы