Елордадағы Лесная полянаға қатынайтын бірқатар автобус бағыты өзгерді

13 Наурыз 2019, 12:23
1953
Бөлісу:
Елордадағы Лесная полянаға қатынайтын бірқатар автобус бағыты өзгерді

Астана, BAQ.KZ. Қоғамдық көліктердің қозғалысы аталмыш тұрғын үй алабына апарар жолдың су астында қалуына байланысты өзгеріп отыр. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС-ның баспасөз қызметі хабарлады. 

12 наурызда сағат 17:00-ден бастап №302, 303 және 320 бағдарлардың қозғалысы «Лесная поляна» тұрғын үй алабын су басуына байланысты өзгертілді. 

«Бағдарлар тұрғын үй алабына кірмей, Республика даңғылының бойымен қозғалатын болады», - делінген таратылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы