Елордадағы бірнеше автобус бағыты өзгереді

8 Қазан 2019, 09:49
1467
Бөлісу:
Елордадағы бірнеше автобус бағыты өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобустың бағдары уақытша өзгереді, деп хабарлады alrt.kz.

"Талапкер ауылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты 8-қазан күні сағат 10:00-ден бастап №306 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бағдар қозғалыс сызбасының қалпына келтірілуі туралы қосымша хабарланатын болады.

Сондай-ақ, Қордай көшесі бойында жол жөндеу жұмыстарына байланысты бүгін сағат 10:00-ден бастап №24, 31 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді", - делінген таратылған ақпаратта.

Қоғамдық көлік туралы ақпарат alrt.kz ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.


Өзгелердің жаңалығы