Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

15 Сәуір 2022, 18:35
2508
Бөлісу:
Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Ұлттық музейде «Ұлы дала тарихының жазба мұрасы» көрмесі ашылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының төл мәдениетіне қатысты сирек кездесетін қолжазбаларды кеңінен насихаттау, әртүрлі мәдени-тарихи жағдайлардағы олардың әлеуметтік рөлін, ерте кезеңдерден бері қалыптасқан отандық жазба мәдениеттің тарихын жан-жақты көрсету.

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

Көрмеде Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының қорларында сақталған ежелгі жазба ескерткіштер, қолжазбалар және сирек кітаптар ұсынылды.

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

Салтанатты іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, қоғам, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды
Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды
Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

Көрменің ашылуында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев іс-шараның төл құндылықтарымызды насихаттаудағы маңызы айрықша екенін атап өтті.

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

Бұл - төл құндылықтарымызды насихаттаудағы аса маңызды іс-шара. Өйткені жазба мұралар тамыры терең тарихымыздың бедерін айшықтап, көпшілікке дәріптеп келеді. Ұлт руханиятын одан әрі нығайтып, жас ұрпаққа жол ашады. Осы ретте біз ұлттық музейде «Қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптар» орталығы қорындағы бірегей жазба деректерден арнайы көрме ұйымдастырып отырмыз. Көздеген мақсатымыз - көнеден сақталған тарихи-мұраларды келешекпен өзара байланыстыру, - деді министр.

Оның ойынша, еліміздің сан ғасырлық тарихын айғақтайтын баға жетпес мұраларымызды таныту - оларды қалың жұртшылық назарына ұсыну, әрі ғылыми айналымға қосу. 

Бұл көрмеге еліміздің тарихына қатысты бірнеше жазбалар қойылды. Атап айтсақ, ХІІ ғасырда жазылған Құран-кәріммен, Қожа Ахмет Яссауидің, Ибн Мұхаммед Самарханидің, Махмудидің, Ибн Халифаның шығармалары және басқа да бірегей жәдігерлермен таныса аласыздар. Оған қоса, айта кеткім келетіні - осындай деректердің тағы да бірқатары «Қолжазбалар және сирек кездесетін ұлттық кітаптар» көрме орталығанда орналасқан. Мұндай жазба мұралар ұлтымыздың әлемдік өркениетке қосқан өз үлесін көрсетіп, жаһандық тарихтағы ұлы даланың орнын анықтауда үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ рухы берік, білімі терең, ел жанды ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді деп есептеймін, - деп айтты Дәурен Абаев.

Мәдениет министрі көрме жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау сөзінен кейін оның лентасын қиды.

Айта кетейік, қолжазба жәдігерлері – қазақ халқының бірнеше ғасырлық рухани, саяси, мәдени және тарихи дереккөздерінің бірі. 

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

Қазақстандағы жазба мәдениеттің бастаулары қынамен салынған таңбалар, символикалық белгілер, петроглифтер, қыш тақтаға жазылған қаңылы жазуының нұсқалары, сармат таңбаларының үлгілері қабырға суреттерде көрсетілген.

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

Сонымен қатар Ұлттық музей директоры, мемлекет және қоғам қайраткері Арыстанбек Мұхамедиұлы көрменің ашылу салтанатында сирек кездесетін ұлттық кітап орталығының бүгінгі көрмесі өзі басқарып отырған музейде өтіп жатқаны қуанарлық оқиға екенін айтты.

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

Ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасының аясында ашылған сирек кездесетін ұлттық кітап орталығының бүгінгі көрмесі біздің музейде өтіп жатқаны қуанарлық оқиға. Өздеріңіз білетіндей, алтын адам табылған кезде қасында жазуы бар көне тостаған болды. Одан да басқа біздің музейдің жауһарының бірі Күлтегін тасы бар. Мырзатай аға Жолдасбек сонау Орхонның жағасына барып, қаражат бөлгізіп, Жапониядан көшірмесін жасатып алып келді. Біздің советтік тарихи кезеңде «Түркі қағанаты» деген ұғым жоқ болатын. Баға жетпес көне жәдігерімізді алып келіп, тарихымызды кеңінен насихаттауға ат салысқан Мырзатай ағамызға шексіз алғыс. Көрме құтты болсын, қазақ елі жасай берсін, - деп айтты Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды

Айта кетейік, көрме нәтижесінде құнды мұра болып саналатын тарихи қолжазбаларды кеңінен насихаттау және дәріптеу жұмыстары жүргізіледі. 

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ашылды
Өзгелердің жаңалығы