Елордада ұландықтар жоғалған екі баланы іздеп тапты

24 Наурыз 2024, 03:10
621
Бөлісу:
Елордада ұландықтар жоғалған екі баланы іздеп тапты
Фото: polisia.kz

Наурыз мерекесі кезінде елордалық жедел бригаданың әскери қызметшілері үш азаматқа көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

22 наурыз күні сағат 13:40 шамасында Есіл ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі патрульдік-бекеттік қызметті атқару кезінде әйел адам әскери жасаққа жоғалған немересін тауып беруді өтінген.

Әскери жасақ бастығы, қатардағы Мәди Исаев пен қатардағы жауынгер Әділет Зәкенов бұл туралы патрульдік топ бастығына баяндап, жақын маңдағы жасақтарды хабардар етті. Қысқа уақыттан кейін сарбаздар 4 жасар баланы тауып, оны әжесіне тапсырды.

Жергілікті тұрғын сарбаздарға жауапты қызметі мен жеделдігі үшін алғыс айтты. Екінші жағдай сағат 17:15 шамасында болды.

Қатардағы жасақ бастығы Нұрдәулет Есенбаев пен патрульдік қатардағы жауынгер Тілек Серікболсынов EXPO ауданында патрульдеу кезінде 7 жасар қыздың жоғалғаны туралы хабар алған.

Бағдарды алғаннан кейін біз бірден жоғалған баланы іздеуге кірістік. Полиция қызметкерлерімен 30 минуттық бірлескен іздеу шараларынан кейін біз жоғалған балаға ұқсас белгілері бар қызды таптық. Одан кейін оны ата-анасымен қауыштырдық, – деді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Н Есенбаев.

Өзгелердің жаңалығы