Елордада тұмау былтырға қарағанда 6,4 есеге күшейіп тұр

30 Қараша 2021, 14:41
1109
Бөлісу:
Елордада тұмау былтырға қарағанда 6,4 есеге күшейіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, тұмау және ЖРВИ-ге шалдыққандар саны көбейген.

Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ жұқтырған 44 392 жағдай тіркелген. Оның ішінде 32 жағдай А типті тұмау, аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3748-ді құрады. Ол былтырғы жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,4 есеге жоғары, - деді Сархат Бейсенова.

Одан басқа, барынша жоғары инфекция жұқтыру қаупіне жататын топ қатарында 14 жасқа дейінгі балалар бар.

Балалар бүкіл аурушаңдықтың 60,8%-ын құрайды. 1 жасқа дейінгі ауырып жатқан балалар 6%-ға, жүкті әйелдер 3,3%-ға тең, - деп отыр елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Ал вакцинация биылғы эпидемиологиялық маусымда 170 мыңнан астам қала тұрғындарын қамтыған. Олардың ішінде жергілікті бюджет есебінен 160 мың тұрғын егілген.

Қазіргі уақытта қалаған адамдар ресейлік «Гриппол плюс» және нидерландылық «Инфлювак» инактивтелген вакцинасын ақылы түрде төрт медициналық ұйымның егу кабинетінде салдыруға мүмкіндік бар.

Өзгелердің жаңалығы