Тұлпардағы өрт. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ

1 Қыркүйек 2021, 09:09
4592
Бөлісу:
Тұлпардағы өрт. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт  сөндіру қызметінің «101» пультіне Байқоңыр ауданы Уалиханов көшесі 24  «Тұлпар» сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызмет хабарлады.

 #3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғарғы 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды. 


Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген. Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 бірлік техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Өзгелердің жаңалығы