Елордада "Туған өлкем" көрмесі ашылады

22 Қазан 2019, 11:15
4251
Бөлісу:
Елордада "Туған өлкем" көрмесі ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының кітапханасында "Туған өлкем" көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Оның аясында келушілер Көкшетау қалалық балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарын тамашалай алады.



Көпшілік назарына түрлі жанр мен техникада орындалған 50 жұмыс ұсынылады. Көрменің аясында мектептің ұстаздары жетекшілігімен "Флюид арт" (сұйық акрил) және "Дудлинг" (монограмма) техникаларын қолдануды үйретеді. Көрме балалар шығармашылығын қолдауға негізделетін "Туған өлкем" республикалық бағдарламасы аясында өтеді.


" Көрме Н.Ә. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын дәріптейтін "Туған өлкем" республикалық бағдарламасы балалар шығармашылығын қолдауды, қосымша білім беру мекемелері жұмысын насихаттауды көздейді. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап, екі жылдың ішінде Елбасы кітапханасында Семей, Шымкент, Павлодар, Екібастұз, Қарағанды және Шахтинск қалаларындағы көркемсурет мектептерінің түлектері қатысқан бір қатар көрме ұйымдастырылды", - делінген таратылған ақпаратта.
 
Көрме 23 қарашаға дейін жалғасады.


Өзгелердің жаңалығы