Елордада террористік қауіптің "қызыл" деңгейі алынып тасталды

13 Қаңтар 2022, 20:53
1321
Бөлісу:
Елордада террористік қауіптің "қызыл" деңгейі алынып тасталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 13 қаңтардан бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі 14 тәулікке белгіленді.

Бұл туралы елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 09 тамыздағы № 611 жарлығының талаптарына сәйкес, елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысының шешімімен Нұр-Сұлтан аумағында 2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап 14 тәулік мерзімге террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі белгіленді, – делінген елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы