Елордада телефон ұрысы ұсталды

10 Ақпан 2022, 21:05
1839
Бөлісу:
Елордада телефон ұрысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 337 қылмыс тіркелді, оның ішінде 250-і ізі суымай ашылды. Сондай-ақ іздеуде жүрген 32 қылмыскер қолға түсірілді. Бұл туралы ПД хабарлады.

Мәселен, полицияға елорда тұрғыны таңертеңгі уақытта Степная көшесінде орналасқан жатақханаға досына қонаққа келген кезде оның ұялы телефоны жоғалғанын білген. Анықталғанындай, жәбірленушінің «VIVO-2023» маркалы құны 180 мың теңге тұратын ұялы телефоны дәлізде ұрланған.

Іздестіру шаралары барысында өз кінәсін мойындаған 43 жастағы ер адам ұсталды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Еске сала кетейік, елорда аумағында криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті қадағалау жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстардың уақтылы алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Бұдан басқа ІІО-да есепке алынған азаматтарды және қару иелерін тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ 12 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 1 500-ден астам ұсақ бұзақылық, 2 700-ден астам алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу фактілері анықталды. Тіркеусіз тұратын 6 500-ден астам азамат анықталды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 130 жүргізуші ұсталды.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына 64 кәмелетке толмаған орналастырылды.

 

Өзгелердің жаңалығы