Елордада «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты мерекелік концерт өтті

16 Желтоқсан 2022, 15:29
1139
Бөлісу:
Елордада «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты мерекелік концерт өтті

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Тәуелсіздік-ел ұраны» атты гала-концерт өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық әкімдіктің ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, кеште елордалық мәдениет мекемелерінің әртістері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар өнер көрсетті.

Тәуелсіздік күніне арналған гала-концертті Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, Мәжіліс депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары тамашалады.

Қала тұрғындары үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған көрмелер ұсынылды. Олардың бірін – «Алаш» қозғалысының тарихына және оның өкілдеріне арналған – Астананың Біріккен мұражайлар дирекциясы ұйымдастырды. Түрлі кітаптардан тұратын екінші көрмені орталықтандырылған кітапхана жүйесі дайындады.

«Тәуелсіздік – ел ұраны» – қоғамға Тәуелсіздіктің құндылығын, қазақстандықтардың бүгінгі күнге дейін жүріп өткен тарихи жолын тағы да еске салатын іс-шара. Гала-концерт азаматтардың патриоттық рухын, олардың еліміздің шығармашылығы мен мәдениетіне деген қызығушылығын, сондай-ақ Қазақстан халқының ұлттық рухын нығайтуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы