Елордада танымал шетелдік тауар өндірушілердің өнімі таныстырылды

20 Қазан 2021, 13:22
7302
Бөлісу:
Елордада танымал шетелдік тауар өндірушілердің өнімі таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «EXPO» көрме орталығында «KazAgro/KazFarm» халықаралық аграрлық көрмесі өтіп жатыр. Көрме үш бағытта өтеді. Шара ауыл шаруашылығы техникалары мен мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы салаларын қамтыған.

Іс-шараның басты оқиғаларының бірі – Ақбас тұқымының республикалық палатасының мерейтойлық съезі.

«Қазақ ақбас тұқымының Республикалық Палатасы» бизнес өкілдерімен және Палата мүшелерімен халықаралық конференция өткізеді, конференция шеңберінде семинарлар мен мастер-кластар ұйымдастырылды.

«Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық Палатасы» бағдарламасының тағы бір негізгі тармағы – «Мясной тур» болмақ, яғни қатысушылар Ақмола облысындағы Новомарковка кентіне сапар жасайды.

Елордада танымал шетелдік тауар өндірушілердің өнімі таныстырылды

Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі «Made in Germany» неміс компанияларының ұжымдық қатысуын қолдайды.

Биыл Германия павильонында мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникасы және өсімдік шаруашылығы саласындағы 20 жетекші тауар өндіруші бой көрсетеді.

Елордада танымал шетелдік тауар өндірушілердің өнімі таныстырылды

Атап айтқанда, компания өз стендінде «VELES» және «Алмаз» зауыттарының жаңа өнімдерін көрсетеді. «VELES» екі жаңа құралды ұсынады: егіс алдындағы топырақты өңдеуге және тыңайтқыштарды енгізуге арналған BJP-10/430 диск тырмасы және ұсақ тұқымды дақылдарды егуге дайындықты жүргізетін, тегіс және тығыздалған себу төсегін құрайтын егіс алдындағы культиватор – АН-8-ПАВ. Сондай-ақ, көрме күндері «Алмаз» зауытынан топырақ өңдеу техникасының бірнеше жаңа модельдерін көруге болады: BDT-7,62 ауыр диск тырмасы, Finist соқасы Plnu-8-40, Peresvet pon-4 айналмалы соқасы.

Еуропалық техниканы өндіру саласындағы инновациялармен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының әлемдегі ірі өндірушісі – CLAAS неміс компаниясы зауытының ашылуы туралы жаңалықтармен олардың Қазақстандағы ресми өкілі «СТ-Агро» компаниясы таныстырады.

No till, Vertical Tillage және Twin Row технологиялары туралы «АБН Технологиялар» компаниясының мамандары өз стендінде айтып береді және АҚШ-тағы өндіруші-көшбасшының Great Plains сепкіштері мен топырақты өңдеу құралдарын әзірлеу және өндіру бойынша бірнеше агрегаттарын көрсетеді. Бұдан басқа мамандар австриялық Еinboeck брендінен органикалық егіншілікке арналған ауыл шаруашылығы жабдықтарының жаңалықтарымен бөліседі және жоғары тиімді сұйық тыңайтқыштар мен "Изагри" және Bioshere тәрізді компаниялардың бірегей биопрепараттарын ұсынады.

«Өсімдік шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы» блогын өсімдіктердің демонстрациялық сұрыптары, селекцияның жаңа технологиялары, тиімді тыңайтқыштар, зертханалық жабдықтары бар ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ұсынатын болады. Мысалы, «Kusto Group» құрылымына кіретін жетекші «Kazseeds» тұқым өсіру компаниясы «Әлия» және «Айша» атты гибридтерінің жаңалықтарын және америкалық селекцияның жем-шөп дақылдарының жоғары өнімді тұқымдарын ұсынады. Сонымен қатар, басқарудың маңызды салаларында дербестендірілген ұсынымдар береді: құнарлылық, арамшөптермен күрес, отырғызу нормалары мен жабдықтарды икемдеу.

DLG ұйымы (Deutsche Landwirtschafts-Gesellschaft) ғылыми-техникалық прогресті ілгерілетуге көмектесетін неміс ауылшаруашылық қоғамы және VDMA (Германия машина жасаушылар одағы) Германияның бизнес – миссиясын өткізеді. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы цифрландырудың өзекті трендтері мен рөлі» тақырыбында Германия машина жасаушылар одағының дөңгелек үстелі өтеді. Іс-шара барысында аграрлық сектор мен аграрлық сектордағы өзекті трендтер туралы ақпараттар талқыланып, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы цифрландыру мен мемлекеттік саясаттың рөлі туралы сөз қозғалады.

Елордада танымал шетелдік тауар өндірушілердің өнімі таныстырылды

Қазақстанның ет одағы «KazFarm» көрмесі аясында дөңгелек үстел өткізеді.

Онда мал шаруашылығының өзекті жай-күйінің қорытындылары шығарылып, даму бағыттары талқыланады. Ресми бөлімнен кейін іс-шара мен көрме қонақтарын «Қазақстанның Ет туралы жобасы» («Мясной проект Казахстана») фильмінің алдын-ала көрсетілімі күтеді. Республикалық сүт палатасының «Дейри Глобал Эксперт» компаниясымен бірлескен семинары сүт өндірушілерді қызықтыратыны сөзсіз, онда қатысушылар сүт-тауарлы ферма жұмысының апталық ырғағын тиімді енгізу тәжірибесімен бөліседі.

«KazAgro/KazFarm-2021» көрмесі - сатып алу туралы шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпараттың маңызды көзі және аграрлық әлемде іскерлік байланыстарды жолға қоюдың тиімді тәсілі. Көптеген экспоненттердің пікірінше, көрмелерге қатыса отырып, компания бір уақытта коммерциялық, өндірістік, инвестициялық, маркетингтік міндеттерді шешеді.

Халықаралық ауқымды көрме, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуде көпжылдық тәжірибесі бар «ExpoGroup» халықаралық көрме компаниясы өз ісінің мамандарынан құралған, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың сеніміне ие болды.

Өзгелердің жаңалығы