Елордада Тәуелсіздік күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады

16 Желтоқсан 2019, 18:16
2913
Бөлісу:
Елордада Тәуелсіздік күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалай алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік отшашуды астаналықтар  Есіл өзенінің жағалауынан (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан шатыр маңында (Есіл ауданы), сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында (Алматы және Байқоңыр аудандарының қиылысында) тамашалауға мүмкіндігі бар. Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталып, 10 минут бойы жалғасады.

Фейерверктің техникалық сипаттамаларына сай, әр нүктеден 4500-ден 5000-ға дейін фейерверк ату жоспарлануда. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында әр нүктеде 7 адамнан жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, мерекелік отшашу қаланың биік ғимараттарымен қоршалмаған кез келген нүктесінен көрінетіндігін атап өту қажет.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, салют өткізуге бюджет қаржысы жұмсалмайды және толығымен демеушілік қаражатқа ұйымдастырылады.
Өзгелердің жаңалығы