Елордада тұрғын үй өртеніп, 5 адам зардап шекті

28 Сәуір 2019, 15:11
1647
Бөлісу:
Елордада тұрғын үй өртеніп, 5 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 5 адам зардап шекті, оның төртеуі – балалар, деп мәлімдеді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«28 сәуір күні сағат 09.58-де «101» Орталық пунктіне Ш.Құдайбердіұлы 17/6 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері 6 минуттан кейін жетіп, 9 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің жатын бөлмесінде жиһаздар, төбе жабындысы жанып жатқанын анықтады. Жалын шарпыған аумақ 8 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 10.10-да ауыздықталды. Оқиға салдарынан 31 жастағы әйел, 7 жасар ұл бала, 2 және 5 жастағы үш қыз бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді. «Өрттің шығу себебі анықталуда. Барлығы 7 техника мен жеке құрамның 26 адамы жұмылдырылды», - делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Өзгелердің жаңалығы