Елордада құтқару тыныс аппараттарын шығаратын зауыт ашылды

10 Тамыз 2019, 10:42
1979
Бөлісу:
Елордада құтқару тыныс аппараттарын шығаратын зауыт ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда «Akbarys Protection» эвакуациялық құтқару қалқандарын шығаратын жаңа зауыттың салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Зауыттың ашылуына қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова қатысты. Зауыт «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында орналасқан, әкімшілік тарапынан дамып келе жатқан бизнеске барлық көмек көрсетілуде. Жобаның әлеуметтік мәні - халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Олардың басым бөлігі – әйелдер. Мемелекет басшысы кәсіпкерліктің дамуы мен отандық тауар өндірушілерді қолдауға аса көңіл бөлетінін атап өткен жөн. Шағын және орта бизнес тұрақты азаматтық қоғамның негізі және барлық қазақстандықтардың  әл-ауқаты оның шарықтауына байланысты.


Өзгелердің жаңалығы