Елордада соңғы қоңырау қандай сыныптарға соғылатыны белгілі болды

24 Мамыр 2023, 17:27
1001
Бөлісу:
Елордада соңғы қоңырау қандай сыныптарға соғылатыны белгілі болды
Фото: Артём Чурсинов

Астана қаласының Білім басқармасы оқушылар үшін соңғы қоңырау қашан соғылатынын, мектеп түлектеріне аттестатты қай күні тапсырылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы оқу жылы көктемнің соңғы күнінде аяқталады. 31 мамыр –жалпы білім беретін мектептер бекітілген кесте бойынша сабақтар өткізеді және сол күні сынып сағаты өтеді. Балалар мұғалімдермен бірге оқу жылын қорытындылап, жазғы демалысқа арналған жоспарын талқылайды. 1 маусым – Балаларды қорғау күні – 4, 9 және 11-інші сыныптар үшін салтанатты іс-шара өтіп, түлектер үшін соңғы қоңырау соғылады, - делінген ведомство мәліметінде.

Сондай-ақ, белгілі болғандай, биыл Астанада 9-сыныпты 18 443 оқушы, 11-сыныпты 9 539 түлек бітіреді.

Маусымның алғашқы онкүндігінде 9-сынып түлектері қорытынды емтихан тапсырады, ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығына өтеді. 22 маусым күні түлектерге аттестат беріледі, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы