Елордада әскери міндеттілерді жауынгерлік жиынға шақыру басталды

5 Сәуір 2020, 12:33
1437
Бөлісу:
Елордада әскери міндеттілерді жауынгерлік жиынға шақыру басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы президентінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы" 2020 жылғы 2 сәуірдегі №296 Жарлығына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы аумағында аумақтық қорғаныс бөлімдерінің құрамына кіретін әскери қызметкерлерді шақыру жоспарланып отыр.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов әскери міндеттілерді арнайы әскери жиынға шақыру туралы қаулыға қол қойды. Бірінші кезеңде арнайы жиында өту үшін денсаулығы жарамды 100 адам шақырылады. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда әскери міндеттілер саны ұлғаятын болады. Іріктеу кезінде үміткердің өз еркімен ниет білдіруіне, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардағы жоғары білімі мен жұмыс тәжірибесіне және ҚР Қарулы Күштерінде бұрын әскери қызметте болуына басымдық беріледі Оларға төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету міндеті жолға қойылып отыр, - деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 
Атап айтсақ, негізгі міндет – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау, коронавирус инфекциясы анықталған қала нысандарын қорғау, төтенше жағдай режимі кезінде туындайтын басқа да міндеттерді орындау. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, әскери міндеттілер арнайы жиындардан өту кезінде тамақ және киім-кешекпен, сондай-ақ орташа айлық еңбекақымен толық қамтамасыз етілмек.

Әскери міндеттілер қала оқу орындарының бірінің жатақханасына орналасатын болады. Арнайы жауынгерлік жиындарға баруға ниет білдірушілер Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне 32 70 80 нөмері бойынша өтінім бере алады.



Өзгелердің жаңалығы