Елордада шетел азаматы 5 жыл бойы техникалық қабатты жалға беріп келеді

4 Тамыз 2022, 17:08
2536
Бөлісу:
Елордада шетел азаматы 5 жыл бойы техникалық қабатты жалға беріп келеді
PHOTO

Елордада  тұрғын үйлеріндің техникалық қабаттын жалға беру азаяр емес. Дәл осындай мәселемен Әуезов көшесінде орналасқан тұрғын үй иелері дабыл қақты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2015 жылы Әуезов көшесіндегі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Құрылыс   техникалық блокпен тоғыз қабатты ғимарат ретінде қарастырылып, салынған. Алайда,  үй иелері үстінгі қабаттан адамдардың көптеп түсетінен күдіктенген. Белгілі болғандай, тұрғын үйдің техникалық қабаты жалға беріліп келген.

Елордада шетел азаматы 5 жыл бойы техникалық қабатты жалға беріп келеді

Тұрғын иесі Ирина Кулиничтің айтуынша,  тоғызыншы қабатта орналасқан пәтерлердің бірін 2019 жылы сатып алған.

Біз бұл тұрғын үй кешенін эксплуатациялау басталғаннан бері бірінші тұрғындары емеспіз. Алғаш келген кезде жоғары қабатта ешкім тұрған жоқ болатын. Кейін үздіксіз у-шулар басталып, мазаны алды. Біздің үстіміздегі пәтер күндіз-түнімен  жалға берілетін болды. Біз бірнеше рет ескерту жасадық. Алайда еш мардымды нәтиже берген жоқ, - деді Ирина.

Техникалық қабаттағы бұл пәтерлердің иесі басқа елдің азаматы болып шықты. Ирина бұл қабаттың айына 2-3 рет жалға берілетінін айтты.

Мен олармен күресуден шаршадым, - деді Ирина Кулинич.

Уәкілетті органдарға жүгінгеннен кейін жалға алынған қабат  мәселесі шешілгендей көрінді. Бірақ іс мұнымен толық бітпеген. Пәтер иесі қонақтарды техникалық қабаттағы басқа бөлмелерге орналастыра бастаған.  

2019 жылдың соңында энергия сату компаниясының қызметкері тұрғын үй кешеніне тексерумен келген.  Барлық 9 қабаттың су мен электр энергиясының көрсеткіштерін өлшеген кезде үстінгі қабатқа мән бермеген.

Содан кейін мен жоғарыдағы қабатта тұратындардың желіге заңсыз қосылғанын түсіндім. Біз төменгі қабаттарда тұратын пәтерлердің иелері, олардың жалпы үй қажеттіліктері үшін ыстық су, жылу және электр энергиясын пайдаланғаны үшін ақы төлейміз, - дейді әйел.

Бүгінде ТЖД  «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-бабына сәйкес «меншік иесіне» техникалық қабаттарды тұрғын үй ретінде пайдалануға тыйым сала алмайтынын хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің аясында өрт қауіпсіздігі саласында бұзушылықтарды жою, соның ішінде қаралып жатқан мәселе бойынша ұйғарым шығара отырып, мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бұл «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген. Берілген ұйғарымға сәйкес  құқық бұзушылықтарды жоймау, берілген  материалдар бойынша тиісті шешімдер қабылдау үшін әділет органдарына жіберуге негіз болып табылады, - деді ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы