Елордада мүмкіндігі шектеулі 30 мыңға жуық адам бар

11 Қазан 2020, 20:28
1230
Бөлісу:
Елордада мүмкіндігі шектеулі 30 мыңға жуық адам бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын Қазақстан Республикасында қазанның екінші жексенбісі Мүгедектер күні атап өтіледі. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина мүмкіндігі шектеулі жандарға денсаулық тіледі.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша тиімді шаралар жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Елордада 28 553-тен астам мүгедектігі бар тұлғалар тұрады. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға кешенді әлеуметтік-оңалту қызметтері көрсетіледі. Атаулы күні мүмкіндігі шектеулі жандарға тілейтініміз дендеріне саулық, батылдық пен шыдамдылық, отбастарына тек қана амандық. Өзіңізге және адамдарға деген сеніміңізді жоғалтпаңыз, біздің әлемде әрқашан жақсылық көп болатынын ұмытпаңыздар! - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы инстаграмдағы парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы