Астанада сауда орындарында Egov цифрлық бұрыштары іске қосылды

11 Тамыз 2021, 15:35
3119
Бөлісу:
Астанада сауда орындарында Egov цифрлық бұрыштары іске қосылды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Egov цифрлық бұрыштары белсенді түрде енгізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметтерді онлайн алу кезінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін ХҚКО ғимаратынан тыс қосымша 10 бұрыш ашылды.

Мұндай бұрыштарда компьютері немесе интернетке кіру мүмкіндігі жоқ азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше онлайн ала алады. Қызмет алушылардың сұрақтары туындаған жағдайда, бұрыштардың жанында Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері оларға кеңес бере алады.

Астанада сауда орындарында Egov цифрлық бұрыштары іске қосылды


 

Бұрыштар аудандық әкімдіктердің, мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимараттарында, «Жанұя» отбасын қолдау орталығында және «Сарыарқа» СОО аумағында орналасқан. Бұл тұрғындардың көпшілігін электрондық мемлекеттік қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді және ХҚКО жанындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына жүгінушілердің жүктемесін азайтады.

Біздің цифрлық бұрыштарымыз ХҚКО-ларда адамдардың көптеп жиналуын болдырмау үшін жасалынған. Пандемия жағдайында, клиенттерді қабылдау тек брон арқылы жүзеге асырылатын болса, Egov цифрлық бұрыштары қандай да бір себептермен компьютерге кіре алмайтын адамдарға мемлекеттік қызметтерді алуға көмектеседі. Бұл өте ыңғайлы. Сонымен қатар қазір жоғары оқу орындарына түсу кезеңі. Сондықтан біз жоғары оқу орындарының аумағында цифрлық бұрыштарды іске қосуды да жоспарлап отырмыз, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының елордалық филиалының директоры Мәди Саданов. 

Астанада сауда орындарында Egov цифрлық бұрыштары іске қосылды

 

 

Нұр-Cұлтан қаласындағы egov бұрыштарының мекенжайлары: 

«Нұр-сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» ММҚабанбай батыр даңғылы, 33
«Нұр-сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММТәуелсіздік даңғылы, 7
«Нұр-сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты» ММОтырар к-сі, 5
«Нұр-сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» ММСарыарқа даңғылы, 13
Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыҚабанбай батыр даңғылы, 33
Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыАхмет Жұбанов к-сі, 16
Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыШәкен Айманов к-сі, 6
Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыРеспублика даңғылы, 52
«Жанұя» отбасын қолдау орталығыMarden БО, Бейбітшілік, 14
«Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығыТұран даңғылы,24, 2 қабат
  

 


 

 

Өзгелердің жаңалығы