Елордада салмағы 6 келіге жуық «батыр» сәби дүниеге келді

6 Тамыз 2022, 16:35
1877
Бөлісу:
Елордада салмағы 6 келіге жуық «батыр» сәби дүниеге келді

Елордадағы№3 көпбейінді қалалық аурухананың перзентханасында салмағы 5,8 килограмм сәби дүниеге келді, деп жазады BAQ.KZ.

Сүйінші жаңалықпен перзентхананың әкімшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Медицина қызметкерлерінің атауымен Исатай батыр 4 тамыз күні дүниеге келді. Оның туған кездегі бойы 63 см. Ол 30 жастағы қазақстандықтың отбасындағы үшінші бала – кішкентай батырды үйінде әпкесі мен ағасы күтіп отыр. 

Әйел жүктеліктің 39 аптасында өздігінен босаныпты.

Қиын болды, бірақ мен перзентхана дәрігерлеріне дән ризамын. Жанымда бірнеше маман болды, маған қолдау жасап, жағдайды бақылап отырды. Керек десеңіз жанымда перзентхана және босанғаннан кейінгі бөлім меңгерушілері де болды, - деп ағынан жарылды нәрестенің анасы. 

Ана мен бала өздерін жақсы сезінуде, жақын күндері үйлеріне шығуға дайындалып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы