Елордада «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

5 Қараша 2020, 15:57
1922
Бөлісу:
Елордада «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығының және Қазақстандық кәсіподақтардың спорттық-сауықтыру қоғамының өкілдері «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасына қолдау танытқан Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінде болды.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссия отырысында мақұлданған Нұр-Сұлтан қаласы еңбекшілерінің денсаулығын сақтау және нығайту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған 2020-2022 жылдарға арналған «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасы іске асырылуда.
Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бірінші болып «салауатты жұмыс орындары» бағдарламасын енгізді.

Елордада «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

Басқарма басшысы Сәуле Ордабайқызы Нұрғожина осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін кең кабинетін психологиялық жеңілдік, йога сабақтары, электронды массаж кушеткасы мен жүгіру жолын орналастыруға бөлді.
Сонымен қатар, басқарманың Кәсіподақ комитетінің төрағасы Илья Васильевич Скуб спорт бұрышына шахмат, дойбы, гимнастикалық шарлар, скандинавиялық жүріс үшін таяқтарды сатып алған. Үстел теннисімен айналысу үшін жеке бөлме бөлінген.

Елордада «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Күнәділов мекеме қызметкерлеріне ілтипат білдіріп, қызметкерлердің денсаулығына осындай қамқорлық көрсеткені үшін басшылыққа үлкен алғысын білдірді.

Қазақстандық кәсіподақтардың спорттық-сауықтыру қоғамының өкілі Бақытжан Есжанов үстел теннисі, скандинавиялық жүріс техникасының ерекшеліктері, өзін-өзі массаждау тәсілдері, таңғы жаттығу бойынша шеберлік сыныбын көрсетіп, дәріс оқыды, сондай-ақ кездесуге қатысушылардың көптеген сұрағына жауап берді.

Іс-шара соңында Бақытжан Есжанов қатысушыларға дене шынықтыру және саламатты өмір салты бойынша жадынамаларды табыс етті. Ол басқарма басшылығына дене шынықтыру және спортпен айналысатын қызметкерлерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Елордада «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

Басқарманың тәжірибесі басқа мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары үшін жоғары әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі болуы керек екенін атап өткім келеді. Мекеме басшылығы жұмысшылардан сапалы жұмысты талап етіп қана қоймай, жұмысшылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға қамқорлық жасайды.

Тәжірибе көрсеткендей, дұрыс ұйымдастырылған «денсаулық менеджменті» ұжымдағы аурушаңдықты 40-50%-ға төмендетеді, еңбекке жарамсыздық кезеңін 20%-ға қысқартады, созылмалы аурулардың анықталуын 10-15%-ға арттырады және нәтижесінде еңбекке уақытша жарамсыздықтың орташа мерзімін 30%-ға азайтады.

«Денсаулық сақтау менеджменті» еңбек қауіпсіздігі, сондай-ақ физикалық және психикалық аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды қамтиды. Денсаулық сақтау менеджментін әлемдегі ең ірі компаниялардың кем дегенде 75%-ы қолданады.

Өзгелердің жаңалығы